Шартарап

Трамп, Навальный және Маск әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді

  • Трамп, Навальный және Маск әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді

    Трамп, Навальный және Маск әлемдегі ең ықпалды адамдар тізіміне енді

Time журналының нұсқасы бойынша "2021 жылдың ең ықпалды 100 адамы" тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Рейтинг бірнеше категорияны қамтиды: "Титандар", "Жаңашылдар", "Өнер қайраткерлері", "Көшбасшылар" және "Кумир".

 
Биыл "Көшбасшылар" қатарында - ДСҰ басшысы, Иран президенті, Италия мен Израиль премьер-министрлері, Сальвадор президенті, Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары міндетін атқарушы Барадар. Екінші жыл қатарынан бұл санатқа Си Цзиньпин, Байден, Трамп, Моди кірген.

Time нұсқасы бойынша, "Титандар" тобына Apple бас директоры Тим Кук, америкалық спортшылар Симон Байлз, Эллисон Феликс және т.б. енген. 

Әнші Билли Айлиш пен Флойдтың отбасының адвокаты Бен Крамп "Жаңашылдар" санатында тұр.

"Өнер қайраткерлері" санатына Омар Си, Скарлетт Йоханссон, Кейт Уинслет кірген.

"Кумир" - ханзада Гарри мен оның әйелі Меган Маркл, теннисші Наоми Осака, әнші Бритни Спирс және т.б. Бұл санатта Навальный орыс ұлтынан жалғыз өкіл.

"Өнертапқыштар" - Илон Маск, General Motors Company бас директоры Мэри Барра және т.б.

Былтыр АҚШ-тың Ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус "100 ықпалды адам" тізіміне енген болатын.

Бұған дейін Time журналы әлемдегі ең ықпалды компаниялар рейтингін алғаш рет жариялаған. Рейтингке технологиялық стартаптар, криптовалюта фирмалары мен фармацевтикалық корпорацияларды қосқанда әртүрлі компания кірді. Рейтинг бес категорияға бөлінген. Олардың әрқайсында 16-дан 21-ге дейін компания болған.




Көрілген: 292    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 10:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31