Шартарап

Трамп Оңтүстік Қытай теңізіне ядролық бомбалаушы ұшақтарын жіберді

  • https://qamshy.kz/

    https://qamshy.kz/

Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленістер өршіген тұста, АҚШ аймаққа ядролық бомбалаушы ұшағын жіберді. Бұл туралы Қамшы тілшісі Нью-Йорк Таймс газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

АҚШ Паракел аралдарына жақын жерде жаттығулар өткізді. "Вашингтон Оңтүстік Қытай теңізіндегі артып келе жатқан күшін көрсетуге тырысты" деп жазған басылым Американың ядролық қарулар алып жүретін соғыс ұшағынның даулы аймаққа жіберілгенін мәлімдеді.

 

Қытай аймақтағы аралдарды өзінің меншігі екенін жариялағаннан кейін Дональд Трамп Оңтүстік Қытай теңізіндегі АҚШ әскери күштерін арттырған. Америкалық Кәсіпорындар Институтының маманы Ориана Скылар Мастро Қытайдың қайтарма әрекеттеріне Вашингтонның дайын болу керектігін ескерткен.

 

– Біз оларды Паракел маңындағы теңізге жібердік, бұл қауіптірек. Қытай бұған күшпен жауап беруі мүмкін, бірақ біз бұл қатерді қабылдауға дайынбыз, – деді маман.

 

Пентагон шенеуніктері соғыс ұшақтарын таситын әскери кемелерді қорғау үшін конвенциялық және ядролық қаруды алып жүретін "B-52 Stratofortress" бомбалаушысын даулы аймаққа жіберген.

 

Бұл қазірге дейінгі Қытайдың аймақтағы ықпалын арттыруға тосқауыл қоюдағы Вашингтонның соңғы қадамы.

 

Бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізіне АҚШ-тың соғыс ұшақтарын таситын әскери кемелер жіберген болатын. 

 

qamshy.kz




Көрілген: 824    Пікірлер: 0

жұма, 10.07.2020, 15:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31