Шартарап

Трамп пен Макрон ДДҰ-ны қайта құру керегін мәлімдеді

  • Эммануэль Макрон мен Дональд Трамп. REUTERS/Stephane De Sakutin/Pool©

    Эммануэль Макрон мен Дональд Трамп. REUTERS/Stephane De Sakutin/Pool©

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Франция президенті Эммануэль Макрон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қайта құру керегін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

 

"Президент Трамп пен президент Макрон ДДҰ-ны қайта құру керек деген шешімге келді", - деді Ақ үйдің өкілі Джадд Дир.

 

Сондай-ақ, президенттер бес елмен - АҚШ, Франция, Ресей, ҚХР және Ұлыбританиямен кездесу өткізу керегін және ол елдермен ДДҰ-ның коронавирус пандемиясына қалай әрекет еткенін талқылайтынын айтты.

 

Мұның алдында Трамптың ДДҰ-ны енді ешқашан қаржыландырмауы мүмкін екені хабарланған еді.

 

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19-ды пандемия деп жариялаған болатын.

 

ДДҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 2,8 миллионға жетсе, 169 мың адам қайтыс болған. 

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 499    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30