Шартарап

«Трамп соңғы он жылда табыс салығын төлемеген» - NYT

  • «Трамп соңғы он жылда табыс салығын төлемеген» - NYT

    «Трамп соңғы он жылда табыс салығын төлемеген» - NYT

АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz, The New York Times газетіне сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, Трамп 2016 жылы президент болған кезде 750 доллар табыс салығын төлеген. 2017 жылы да осы соманы төлеген.

"Ол табыс салығын соңғы 15 жылдың онында төлемеген - өзінің хабарлауынша, оның табысына қарағанда шығыны көп", - деп жазды басылым.

NYT мәліметінше, ол үнемі айтатын кәсіпорындардың шығыны оны табыс салығын төлеуден айтарлықтай босатады. Президентті Trump National Doral Miami курорты мен Вашингтондағы Trump International Hotel қонақүйі шығынға батырған.

Трамптың өзі NYT ақпаратын жалған деді.

"Бұлардың бәрі - фейк жаңалық. Мен салық төлеймін", - деді ол.

Trump Organization қорғаушысы Алан Гартеннің айтуынша, "фактілердің көбі, барлығы дерлік нақты емес". Ол президент соңғы он жылда үкіметке ондаған миллион жеке салық төлегенін атап өтті.




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 10:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31