Шартарап

Трамптың тағдыры қыл үстінде тұр

  • Трамптың тағдыры қыл үстінде тұр

    Трамптың тағдыры қыл үстінде тұр

АҚШ конгресінің Өкілдер палатасы 11 қаңтарда президент Дональд Трампқа импичмент жариялау туралы резолюцияның мәтінін жариялады. Резолюция бойынша, Трамп "бүлік ұйымдастырмақ болды", "АҚШ пен үкімет институттарының қауіпсіздігіне қатер төндірді" деп айыпталды, деп жазады Азаттық сайты. 

6 қаңтарда Трамптың ашулы жақтастары Капитолийге басып кіріп, оқиғадан бес адам қаза тапқан.

Дональд Трамптың президенттік мандаты 20 қаңтарда аяқталады. Осы күні жаңа сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясы өтеді.

13-14 қаңтарда резолюция құжаты талқыланып, кейін Өкілдер палатасы импичментке дауыс беруі тиіс. Өкілдер палатасы импичментті жақтап дауыс берсе, кейін оны сенат қарайды. Егер сенат Трампқа импичментті қолдаса, ол президент сайлауына түсе алмайды.

6 қаңтарда, Конгрестің президент сайлауының дауыс беру нәтижесін мақұлдау отырысы алдында, Трамп Ақ үй жанында өз жақтастарына қайырылып, "біз ешқашан берілмейміз, ешқашан жеңілмейміз" деген еді.

Трамптың осы сөзінен кейін оның ашулы жақтастары 1,6 шақырым жерде орналасқан Капитолийге барып, басып кірді. Олар Конгрестің сайлау нәтижесін рәсімдеу процесіне кедергі келтірді. Саясаткерлер жиын өтетін залды тастап кетуге мәжбүр болды. Конгресс жұмысын Вашингтонда коменданттық сағат енген соң жалғастырып, кейін Байденнің жеңісін мақұлдады.

9 қарашадағы сайлауда Байден сайлаушылар алқасының 306 дауысын, Дональд Трамп 270 дауысын алған. Кейін Трамп сайлау нәтижесімен келіспейтінін айтып, сотқа шағым түсірген. Сот оның 50 арызын қанағаттандырмай тастады.

Азаттық сайты. 




Көрілген: 310    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.01.2021, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31