Шартарап

Трапм бір айлық үнсіздіктен кейін не деді?

  • Трапм бір айлық үнсіздіктен кейін не деді?

    Трапм бір айлық үнсіздіктен кейін не деді?

Ақ үйдің бұрынғы басшысы Трамп бірден американдық үш БАҚ-қа&ndashNewsMax, Fox News және One America News-ке қысқаша сұхбат берді. Журналистермен сұхбаттасуына танымал радиожүргізуші Раш Лимбаугтың қайтыс болуы себеп болды. Алдағы жоспарлары туралы сұрақтарға да жауап берді. Трамп 2024 жылғы сайлауға байланысты жоспарлары барын, өзінің әлеуметтік желісін құрғысы келетінін айтты. Джо Байденді жеңгенін тағы да ескере кетті.

Болашаққа жоспар

Трамп президенттік сайлаудағы «жеңісімен» шектелген жоқ. Ақ үйдің бұрынғы басшысы біржола бұғатталған Twitter-ге қайта оралмайтынын атап өтті. «Твиттер қызық емес болды, ендігі миллиондаған адам кетіп жатыр» деді Трамп.

Экс-президенттің сөзіне қарағанда ол миллиондаған республикалық сайлаушыны біріктіру мақсатында өз брендімен әлеуметтік желі құруды жоспарлап отыр.

«2024 жылға байланысты әлі ештеңе айтпас едім. Бірақ бізде үлкен қолдау бар» - деп Трамп өзінің жақтастарының саны қазірдің өзінде 2020 жылғы президенттік сайлауға дейінгі кезеңнен көп екенін айтты.

«Үндемеуді жөн көрдім»

Трамп кейбір Республикалық партияның мүшесіне наразылығын білдірді. Президенттік сайлауда партияластарына қолдаудың жеткіліксіз екенін тілге тиек етті. Экс-президенттің көзқарасы бойынша демократтар бұрмаланған дауыс санын көрсе, "бүкіл АҚШ бей-берекетсіздікке ұшырар еді" деді.

Трамп қарсыластарын сынға алумен қатар, журналистерге не себепті жоғалып кеткенін түсіндірді.

«Мен аздаған үнсіздікті жөн көрдім», - деп атап көрсетті АҚШ-тың экс-басшысы. Fox News-ке берген сұхбатының соңында Трамп үнсіздік кезеңі аяқталғанын меңзеді. Журналисттің алдағы уақыттағы белсенділігіне байланысты сұраққа экс-президент өзінің айтары бар екенін жеткізді.

Janerke Baratqyzy




Көрілген: 695    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 21:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30