Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тісін емдеуге барған баланың өлімі: БАҚ жаңа мәлімет жариялады

12 желтоқсан 2021, 19:23

"Невские новости" құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап, Санкт-Петербургтегі жеке стоматологиядағы баланың өлімі туралы мәліметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, алты жасар баласы бар ана медициналық мекемеге жоспарлы тексеруден өтуге келген.
 
Тіс емдеу алдында әйел анестезиологпен кеңескен, ал ұлын педиатр қараған. Сонымен қатар, әйелге рәсімге қажетті медициналық құжаттармен танысуға рұқсат берілген.

"Кәмелетке толмаған баланың мұрнына маска кигізіліп, наркоз беру басталғаннан кейін, шамамен екі-үш рет тыныс алған соң, екі-үш секундта науқастың жүрегі тоқтап қалған. 45 минут бойы реанимациялық шаралар жүргізілді. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасы шақырылған", - деп жазды басылым.
Тергеу комитетінің қалалық әкімшілігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.