Шартарап

Цукерберг пен оның әйелінің үстінен жыныстық қысым бойынша сотқа арыз түсті

  • Цукерберг пен оның әйелінің үстінен жыныстық қысым бойынша сотқа арыз түсті

    Цукерберг пен оның әйелінің үстінен жыныстық қысым бойынша сотқа арыз түсті

Facebook әлеуметтік желісінің басшысы Марк Цукерберг пен оның әйелі Присцилла Чанның бұрынғы қызметкерлері ерлі-зайыптыларды жыныстық қудалау, кемсітушілік және жалақы төлеуді кешіктіру бойынша айыптап, сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

NBC телеарнасының мәліметінше, шағымданушылар 2017 жылдан 2019 жылға дейін "үй шаруашылығының менеджері" ретінде қызмет атқарған Джон Доу болған. Сондай-ақ, 2018 жылдан 2019 жылға дейін Limitless Specialty Services LLC компаниясында жұмыс істеген Миа Кинг есімді азаматша. Ол ерлі-зайыптыларға қауіпсіздік қызметін ұсынған.

 Сот процесінде Facebook желісі жайлы сөз болмағаны атап өтілген.

Отбасының өкілі ретінде таныстырған Бен Лаболт бұл айыптауларды жоққа шығарып, оларды дәлелдеу мүмкін емес екенін жеткізді.


Facebook әлеуметтік желісінің атауы өзгереді

Қазақстанда Telegram, Twitter мен YouTube желілері істен шықты

"Біз кәсіби мамандардан тұратын отбасылық кеңсе командасын мақтан тұтамыз. Әріптестерімізді әділетсіз қорлауды көздеген бұл айыптаулардың сәтсіз болатынына сенімдіміз", - деп келтіреді дереккөз оның сөздерін.

Телеарна мәліметінше, қазіргі уақытта сот бұл іске қатысты тыңдауларды тағайындамаған.

Марк Цукерберг пен оның әйелі бұрынғы қызметкерлердің айыптауларына ресми жауап берген жоқ.

Айта кету қажет, Facebook соңғы айларда қатты қысымға ұшырауда. Бұған дейін компанияның бұрынғы қызметкері Wall Street Journal жариялаған мақалалар сериясының негізін құрайтын корпорацияда жүргізілген зерттеулердің көшірмелерін сақтаған. Хоген әлеуметтік желіні арандатушылық мазмұнды әдейі таратады деп айыптаған.




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.10.2021, 16:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31