Шартарап

Тұңғыш рет компьютерге тәуелді болып қалған адам емханаға жатқызылды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Испаниялық жасөспірім компьютерлік ойынға тәуелді болып қалғандықтан емханаға жатқызылып, екі ай емделіп шықты. Осылайша әлем бойынша тұңғыш рет компьютерге тәуелді болып қалған адам емтхана төмегіне таңылған.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Onda Cero ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

 Fortnite видео ойынына еліккен жасөспірім үйге қамалып ап, ойыннан бас көтермеген – өзгелермен тілдесуден, жүздесуден қашып қоймай, сонымен қатар, төңірегіне назар салуды қойған, бұдан бөлек, ұйқысы қанбай, жеке бас тазалығына салғырт қарап, салақсып кеткен. Бұрын оқу озаты болған оқушының да сабақ үлгерімі ақсап кеткен.

 

Тексере келгенде жасөспірімнің компьютерлік ойынға тәуелділігінің артуына эмоциялық соққы алғаны себеп болған - осыдан бір жыл анасы онкологиялық аурудан қайтыс болған екен.

 

Дәрігердің тұжырымынша, компьютерлік ойын қайғыны ұмыттырған оның басты алданышына айналған.

 

Жасөспірімге емханада аутистикалық спектрі бұзылған, қайғыға бой алдырған, т.б. диагноз қойылды.

 

Жасөспірім екі ай емделді, дәлірегі, ем-домның көмегі тиді.

 

Қазіргі уақытта ол компьютер алдында көп отырмайтын болған. Әлеуметтік өмірі де қалпына келген.

 

 




Көрілген: 317    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 14:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31