Тұрғын үйде газ жарылып, адамдар үйінді астында қалды (видео)

09 қазан 2021, 00:43

Батумиде қираған үйдің астында адамдар қалды.Құтқарушылар қирандылар астынан үш адамды алып шықты. Зардап шеккендер дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бұл туралы РИА Новости агенттігі мәлімдеді.

 

Үйінді астынан жаңа туған нәресте тірі табылды. Қала мэрі қызметін атқарушы Лела Сурманидзенің айтуынша, тұрғын үйде газ жарылған.

 

 

Қираған ғимарат астында тағы 10-15 адам қалды, — деп мәлімдеді ІІМ.