Шартарап

Туристік сапар кезінде ұрланған 4 жасар қыз 18 күннен кейін аман-есен табылды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Австралияда ата-анасымен бірге туристік сапарда жүрген кезіде жоғалып кеткен 4 жасар Клео Смит аман табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Қыздың іздестірілу жұмыстары бүкіл ел бойынша жүргізілді. Ол ата-анасымен бірге шатырдың ішінен шығып, 16 қазанда жоғалып кеткен. Батыс Австралияда оны іздеуге жүздеген полиция қызметкері, құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды. Баланы барлық жерден іздеген. Оның орналасқан жері туралы ақпаратты айтқан үшін миллион доллар сыйақы уәде етілді. Полиция баланың шатыр ішінен өз бетінше шыға алмағанына сенімді болды.

 

Тәртіп сақшылары ата-анасының қыздың жоғалуына қатысы жоқ екенін бірден анықтады. Тергеу бұл жағдайды адам ұрлау деп таныды. 

 

Күн өткен сайын баланың аман табылу мүмкіндігі азая берді. Оның үстіне күннің аптап ыстығы мен жабайы аңдардардың барын есепке ала отыра, құқық қорғаушылар жақын елді мекенді аралап, қызды іздеструді күшейтті.

 

Клео Смит жоғалған жерінен 100 шақырым жерден табылды. Полиция оны қамалып отырған үйден тапқан. Баланы табуға кинологтар көмектесті.

 

Баланы ұрлады деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

 

 

 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.11.2021, 13:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31