Шартарап

Түрік әскері Сириядағы АҚШ-тың әскери постын атқылады

  • https://www.azattyq.org

    https://www.azattyq.org

Түрік әскері Сирия солтүстігіндегі АҚШ-тың әскери постын атқылады. Пентагон ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Алайда оқиға Түркия шабуылынан АҚШ әскерилеріне қауіп-қатер барын көрсеткен.


Пентагон өкілінің айтуынша, Кобани қаласына жақын орналасқан әскери постың бар екені түрік тарабына алдын ала ескертілген. АҚШ-тың қорғаныс министрлігі бөлімді қараусыз қалдырмайтынын, қорғану мақсатында жауап қатуға құқығы бар екенін ескертті.


Американың заң шығарушы орган өкілдері Түркияға санкция салу мәселесін қозғады. Бұған дейін Түркия президенті Режеп Ердоған егер санкцияны Еуроодақ қолдаса, шекараны ашып, Еуропаға шамамен үш миллион сириялық босқындарды жіберетінін айтқан.


Сирияның солтүстік-шығысында әскери операцияның жалғасып жатқанына бірнеше күн болды. 12 қазанда түрік әскерилері Сирия ереуілшілерінің көмегімен Рас-эль-Айн қаласын басып алды. Бұл - күрдерге қарсы операция барысында түрік жасақтары басып алуды көздеген негізгі елді мекендердің бірі.


Түркия жағы әскери операцияның мақсаты Сириямен шекаралас аумақты күрдтер жасағынан тазартып, "қауіпсіздік аймағын" құру деп түсіндірді. Анкара күрд жасақтарын "террорист" деп атап, Түркия аумағындағы сепаратистерге дем берді деп айыптайды.


Батыс елдері Анкара шабуылын айыптады. Франция президенті Эммануэль Макрон Түркияны әскери операцияны тоқтатуға шақырып, шабуыл аймақта ошақтары орналасқан экстремистік топтардың қайта күшеюіне жағдай жасауы мүмкін деп қауіптенді. Вашингтон күрдтерді "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте одақтас санайды.



https://www.azattyq.org


Көрілген: 424    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 17:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30