Түрік жігіті зауытта сүтке шомылған видеосын жариялап, мақтанды
Түркиядағы сүт зауыттарының бірінде сүтке шомылғанымен мақтанбақ болған жігіт жұрттың ашуын келтірді деп жазады indianexpress.com.
 
Түркияның Конья провинциясындағы сүт зауытында болған бұл жайттың видеосы Тиктокта жария болып, артынша Twitter желісіне тарап кеткен.
 
Виедоны көрген жергілікті тұрғындар қатты ашуланып, тіпті жүректері көтерілгенін жасырмайды. Олар бұл жайттан кейін сүт ішуге батпайтындарын алға тартуда.
 
Кейін видеодағы азамат Эмре Саяр есімді зауыт қызметкері екені анықталған.
 
Сүтке шомылуды оң санаған азамат көпшіліктің сынына ұшырап, артынша бұл мәселеге билік араласқан. Олар зауытқа айыппұл салып, тіпті жауып тастаған.
 
Ал видеодағы азамат пен оны видеоға түсіріп алған досы бүгінде қамауға алынған.