Түрік кемесіне бомба түсті

25 ақпан 2022, 08:49

Қара теңізде Одессадан Румынияға бет алған түрік кемесіне бомба түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Су көлігі зақымданған. Дегенмен зардап шеккендер жоқ.

 

Бұл туралы Түркияның теңіз басқармасы мәлімдеді.

 

Бортта 8 түрік, 11 филиппин және 11 украин қызметкері болған.

 

Экипаж көмек сұрамаған және Румыния бағытында қозғаласын жалғастырып жатыр.