Шартарап

Түрік кемесіне қарақшылар шабуылдап, 15 теңізші тұтқынға алынды

  • https://anna-news.info/

    https://anna-news.info/

Қарақшылар Гвиней шығанағында Либерия туы астында кетіп бара жатқан түркиялық MOZART контейнер тасымалдаушысына шабуылдап, 15 экипаж мүшесін тұтқынға алды. Бұл туралы жексенбі күні Анадолы агенттігі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 

Агенттіктің мәліметінше, қарақшылық шабуыл сенбі күні кеме Сан-Томе қаласынан 160 км қашықтықта кетіп бара жатқанда жасалған.

 

Нәтижесінде экипаждың 19 мүшесінің 15-і тұтқындалды, 1 адам құрбан болды.

 

Құрбан болған азаматтың Әзербайжан тумасы екені анықталды.

 

Түркия Президенті Тайып Ердуан қарақшылар басып алған контейнер тасымалдаушы кеме капитаны Фуркан Яренмен телефон арқылы екі рет сөйлесті. Түркия басшысына кеменің бортта аман қалған 3 теңізшімен бірге Габонға қарай кетіп бара жатқаны айтылды.

 

Ел президенті жағдайды жіті бақылап отыр және ол тұтқынға алынған азаматтарды құтқару үшін қодан келгенннің бәрін істеу туралы тапсырма берді.

 

Бұған қоса, Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглы әзербайжандық әріптесі Джейхун Байрамовпен телефон арқылы сөйлесіп, құрбан болған теңізшіге байланысты көңіл айтты.

 

Тұтқындалған экипаж мүшелерін іздеу жұмыстарына Түркияның көршілес елдердегі елшіліктері де жұмылдырылды.

 

 

 




Көрілген: 440    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 12:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31