Шартарап

Түркия COVID-19-ға қарсы шектеу талаптарын жеңілдетпек

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайип Эрдоған Министрлер кабинеті мәжілісінің қорытындысына байланысты өткізген телеүндеуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат түркиялық Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

 

Режеп Тайип Эрдоған биліктің коронавируспен күреске қарсы енгізген бірқатар шектеу шараларының жеңілдетілетіндігін айтты.

 

Оның сөзінше, ертеңнен бастап, жексенбіні есепке алмағанда, кафетерий, кафе, шәйханалар, ойын-сауық парктері мен осы сияқты өзге де бірқатар нысандар таңғы сағат 7-ден кешкі 9-ға дейін жұмыс істейді.

 

Бұл ретте ол маусым айында үйден шығуға байланысты шектеу сенбі мен өзге күндері сағат 22:00-ден кешкі 05:00-ге дейін күшінде болалытынын жеткізді.

 

Жексенбі күні толық локдаун сақталады.

 

Осыған дейін коменданттық сағат жәй күндері 21:00-ден таңғы 5-ке дейін енгізілген болатын.

 

Бұған қоса, Режеп Тайип Ердоған Түркияның 2021 жылы коронавирусқа қарсы өзінің жаңа вакцинасын шығаруды көздеп отырғанын айтты.

 

Айта кетейік, Түркияда 29 сәуір мен 17 мамыр аралығында толық локдаун енгізілді.

 

 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 07:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31