Шартарап

Түркия атом батареясын жасап шығарды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Түріктің жас ғалымы Селим Айдын мен оның ғылыми жетекшісі профессор Эрол Кам жаңа өнертабыстары үшін «TechAnkara Project Market» сыйлығын алды. Бұл жайында exk.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

 

Ғалымдар ұсынған жаңалық Түркияны әлемдік ядролы аккумуляторлық технологиялар нарығының көшбасшысы етті, — деп хабарлайды ЭК, ТРТ порталына сілтеме жасап. Ыстамбұлдағы Йылдыз Техникалық университетінің ғылым және технологиялар институты ұзақ уақыт жұмыс істейтін атомды батареяның алғашқы прототипін жасады.

 

Түрік ғалымдарының өнертабысы көптеген әскери және коммерциялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Селим Айдын мен Эрол Камның өнертабысы "TechAnkara Project Market" өнертабыстар жәрмеңкесінде үздік 10 жобаның бірі деп танылып, ғалымдарға сыйақы табысталды.

 

Профессор Кам: "Ядролық батарея жасау ісі 2017 жылы басталды, оған Түркияның атом энергетикасы агенттігі қолдау көрсетті. Менің шәкіртім Селим Айдын жобаны жүзеге асыруға көп күш жұмсады. Билік оған арнап жеке ядролық физика Зертханасын ашып берді. Қазір бұл мекеме TENMAK деген атаумен қайта құрылды", — деп мәлімдеді.

 

Мұндай өнертабыс АҚШ, Қытай және Ресейде ғана бар еді. Осылайша, ядролық аккумуляторлар технологиясы нарығына Түркия да қосылып отыр.

 

Атомды батареялар тұрақты бақылаусыз ұзақ уақыт қызмет ететін құрылғыларда, мысалы, ғарыш кемесі, кардиостимулятор, су асты қайықтары және ғылыми станцияларда қолданылады.

 

Бұған дейін, америкалық Nano Diamond Battery компаниясы 1000 жыл бойы жұмыс істейтін бета-гальваникалық батареяның прототипін құрастырған болатын.

 

 

 

 

islam.kz




Көрілген: 621    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.06.2021, 18:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30