Түркия президентінің оққағары Африкаға сапары кезінде қайтыс болды

23 ақпан 2022, 19:58

Сенегалда Түркия президентінің қауіпсіздік департаментінің арнайы операциялар бөлімінің директоры жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 

Hurriyet басылымының хабарлауынша, Ереннің денесі Түркияға президент Ердоғанның ұшағымен әкелінді.

 

«Президент Режеп Тайып Ердоғанмен бірге Африкаға барған арнайы операциялар бөлімінің басшысы Хайреттин Эрен жүрек талмасынан қайтыс болды. Оны аман алып қалу мүмкін болмады» деп жазады газет.

 

Түркияның Сыртқы істер және Қаржы министрліктерінің басшылары Эреннің отбасына көңіл айтып үлгерді.