Түркия Ресейге қарсы санкция салмайтынын мәлімдеді

05 наурыз 2022, 23:23

Түркия Ресейге қарсы санкция салмайтыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Түркия президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын айтты.

 

"Қазір Ресейге қарсы санкция жоспарымызда жоқ. Біріншіден, біз бұл соғыста бір тарапқа шықты деген түсінік болғанын қаламаймыз, бұл біздің экономикамызға кері әсер етеді", - дейді ол.

 

Ресей 24 ақпан күні таңертең Украинада әскери операция бастады.

 

Бұған жауап ретінде Батыс елдері Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді.