Шартарап

Түркия Сирияға қарсы әскери операция бастады

  • © АFР

    © АFР

Түркия әскері 9 қазан кешкісін Сирияның солтүстігінде әскери операция бастады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.


Ердоғанның сөзінше, бұл операцияның мақсаты – "Ислам мемлекеті" террорлық тобымен және күрдтермен күрес.


Анкара әскери операция арқылы Сирия мен Түркия шекарасының маңында қауіпсіз аймақ құрып, сириялық босқындарды осы жерге орналастыруды көздейді.


Күрд жасақтары мен араб жасақтары АҚШ басқаратын халықаралық коалиция мен БҰҰ-ны Сирияның солтүстік-шығысында ұшақ ұшпайтын аймақ құруға шақырды. Олардың айтуынша, Анкараның операциясы "гуманитарлық апатқа" әкеледі.


Сирия сыртқы істер министрлігі Түркияның "қауіпсіздік аймағын құру" идеясын "халықаралық құқықтарды бұзу" деп сынады.


Мәскеу бұл операцияға араласпайтынын, "ресейлік әскерилер Сирияда басқа мақсатта жүргендерін" мәлімдеді.


Демалыс күндері Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстік-шығысына әскер кіргізетінін жариялаған.


Сириялық күрдтер – АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте негізгі серіктесі. Ал Түркия күрд жасақтарын "террорлық топ" деп санайды.


6 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Ердоған телефонмен сөйлесіп, Анкараның әскери операциясын талқылаған. Кейін Трамп әкімшілігі бұл операцияға қатыспайтынын мәлімдеп, америкалық әскерилер Сирияның солтүстік-шығысын тастап кете бастаған.


Бірақ Трамп "егер Анкара артық кетсе, Түркияның экономикасын күл-талқанын шығаратынын" айтты.


Аbai.kz


 


 


 


 


 


 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.10.2019, 11:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31