Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркияда 1 маусымнан бастап ПТР-тест талап етілмейді

01 маусым 2022, 18:44

Түркия 1 маусымнан бастап шекера бекеттері арқылы кіретін адамдардан ПТР-тест талап етпейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

"Коронавирус пандемиясына қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып, 1 маусымнан бастап елге шекара бекеттері арқылы кіру үшін 72 сағат бұрын тапсырылатын ПТР-тестің немесе 48 сағат бұрын антигенге тапсырылатын экспресс-тестің нәтижесі талап етілмейді", - делінген ресми хабарламада.

 

Айта кетері, Қазақстанда бұл талаптың күші жойылмаған.

 

Мәселен, маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызы Ресейге Қазақстан арқылы өтеді. Ал бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстанға теміржол көлігімен кіру үшін бұрынғыдай COVID – 19-ға ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманы көрсету керек. Ол құжат берілген күннен бастап Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін 72 сағаттан аспауға тиіс.