Шартарап

Түркияда 10 адмиралға мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айып тағылды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Түркия билігі мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет етті деген айыппен отставкадағы 10 адмиралды қамауға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Олар Босфор және Дарданелл бұғаздарын бақылауға байланысты ашық хат жазып, Монтрё келісіміне қатысты пікір айтқан. Яғни, оны қайта қарау қауіпті екенін ескерткен.

 

Хатқа 104 зейнеткер әскери қол қойған. Тағы 4 адмиралды қамауға ордер берілген еді. Бірақ жасы егде тартқанына байланысты оларды ұстауға бұйрық берілмеді.

 

Сондай-ақ Түркияның Қарулы күштері атышулы үндеуді қолдаған бірнеше адамды баспана мен күзетке ие болу құқығынан айырды.

 

85 жыл бұрын қабылданған Монтрё конвенциясы бойынша аталған бұғаздарға бақылау жасау, сауда және әскери кемелердің қозғалысын реттеу мүмкіндігі берілген.

 

Президент Режеп Ердоғанның ойынша, конвенция Түркияның мүддесіне толық қызмет етпейді, ол келісімнен шығуымыз мүмкін деп мәлімдеген.

 

Тіпті ол «Ыстамбұл» атты жаңа канал салып жатыр.

 

Ал адмиралдар конвенциядан бас тарту дұрыс емес деп хат жазған.

 

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

- Бұл анық арам пиғылды адамдардың тірлігі. Отставкаға кеткен адмиралдардың міндеті – төңкеріске қатысты саяси пікірталасты қамтитын ақпаратты жарияламау. Дәл қазір біздің Монтрё конвенциясынан бас тартатын ниетіміз жоқ, бірақ қажеттілік туса және еліміз үшін жақсы нұсқалар пайда болса, кез келген конвенцияны еш ойланбастан қайта қарастырамыз.

 

 




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.04.2021, 11:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31