Шартарап

Түркияда 13 млн тұрғын вакцинаның қос дозасын алды

  • Түркияда 13 млн тұрғын вакцинаның қос дозасын алды

    Түркияда 13 млн тұрғын вакцинаның қос дозасын алды

Түркияда азық- түлік өндірісі мен қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлерін коронавирусқа қарсы жаппай вакциналау басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді, деп жазды Хабар24.


Мұндағы мақсат – халықпен тығыз байланыста болатын жұмысшыларды егу арқылы індеттің таралуының алдын- алу. Қазірге дейін елде халықтың 16%-і екпе алған. Олардың қатарында медицина мамандары, мүгедек жандар, қарттар үйінің тұрғындары мен мұғалімдер бар. Дегенмен, елде кезегі келсе де екпе алмай жүрген тұрғындар да баршылық. 

Сол себепті екпе туралы куәлігі жоқ азаматтарға шектеу енгізу қарастырылып жатыр. Қазір елде «Sınovac», «Sputnik V» және «Pfizer-BioNTech» вакцинасының қос дозасын 13 млн тұрғын алған.

«Көптен бері жабық тұрдық. Білетініңіздей, еліміздің басты табыс көзі – қызметтік сала. Сондықтан екпе егудің науқанына бізді қосуы орынды шешім деп ойлаймын. Себебі бірінші мәселе қоғамдық денсаулық қауіпсіздігі болса, екіншісі қызмет секторын қолдау. Жұмыс орнымыздағы қызметкерлердің жасы да әртүрлі», - деді мейрамхана иесі Юсуф Кесижи.




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 12:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31