Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түркияда 44 жеке детектив ұсталды

15 желтоқсан 2022, 15:31

Ыстамбұлда Израилдің Моссад барлау қызметімен байланысы бар деген күдікпен 44 жеке детектив бірден ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл жайында islam.kz тілшісі islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.

A Haber телеарнасының қауіпсіздік қызметіндегі дерек көздерге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, арнайы операцияны Түркияның Ұлттық барлау ұйымы (MIT) мегаполис полициясымен бірлесіп жүргізген.

 

Телеарнаның хабарлауынша, жеке детективтердің атын жамылғандар Израил барлау қызметінің нұсқауымен палестиналықтарды аңдыған, Түркиядағы мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардан ақпарат жинаған.

 

Соның ішінде Түркиядағы жеке детективтер қауымдастығының негізін қалаушы Ысмайыл Етимоғлы да қамауға алынған.

 

Түркия билігі әзірге арнайы операция фактісіне қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.