Шартарап

Түркияда коменданттық сағат енгізілді

  • Түркияда коменданттық сағат енгізілді

    Түркияда коменданттық сағат енгізілді

Түркия басшысының айтуынша, соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кейбір шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім шығарылған.

Түркия билігі демалыс күндері елдің көптеген аймағында коменданттық сағат енгізу туралы шешім шығарды. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған үкімет отырысының қорытындысы бойынша сөйлеген сөзінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourdom.ru басылымына сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуынша, соңғы күндері эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты кейбір шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім шығарылған.

Атап айтқанда, сенбі және жексенбіде COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары аймақтарда азаматтардың үйден шығуына тыйым салынады. Ол қасиетті Рамазан айында да - 12 сәуірден 12 мамырға дейін де сақталады. Бұдан басқа жалпыұлттық коменданттық сағат 21:00-ден 05:00-ге дейін жалғасады. Түнгі уақытта мейрамханалар мен кафелер тек тамақты клиенттің өзі алып кету қызметі арқылы жұмыс істей алады. Қалған уақытта тамақтану орнының максималды жүктемесі 50%-дан аспауы керек.
#карантин #коменданттық сағат.




Көрілген: 321    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 13:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31