Шартарап

Түркияда магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді

  • https://www.aa.com.tr/

    https://www.aa.com.tr/

Түркияның шығысында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

 

Түркияның шығысындағы Бингөл провинциясында магнитудасы 5,7 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD).

 

Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 17:24-те болған.

 

Зілзала ошағы Карлыова ауданының аумағында тіркелді. Дүмпу жақын маңдағы аудандарда сезілді.

 

Түркияның Қоршаған орта және қала құрылысы министрі Мұрат Курум, табиғат апаты болған аумаққа құтқарушылар жіберілгенін мәлімдеді.

 

«Үкімет жағдайды мұқият бақылап отыр», - деді ол.

 

Бингөл провинциясының губернаторы Кадир Экинджидің айтуынша, жер сілкінісі кезінде бақылау мұнарасы қираған, нысанның үш күзет қызметкері жарақат алған.

 




Көрілген: 296    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 02:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31