Түркияда масканы міндетті түрде тағу ережесінің күші жойылады

04 наурыз 2022, 13:37

Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирустың таралуы бағытында әлем жаңалықтарын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Егер жеткілікті желдету және әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігі қарастырылған болса, қорғаныш маскаларын қолдану қажеттілігі алып тасталады», - деп хабарлады Түркияның денсаулық сақтау министрлігі.
Коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі ғылыми кеңес отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Қожа елде ашық ауада және жақсы желдетілетін жерлерде маскаларды міндетті түрде киюдің күші жойылатынын жеткізді.

Ал Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциянынан емдеуге бағытталған «Атериксен» препаратын тіркеді. Препаратты ересектерге арналған. Таблетка түріндегі препаратты сумен бірге қабылдау керек. Оны аурудың алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап, аурудың басталуынан 36 сағаттан кешіктірмей бастаған жөн.