Түркияда орман өртені қонақүйлерге жақындай бастаған

25 шілде 2023, 13:08

Түркияның танымал туристік курорты - Кемерде орман өртке оранып жатыр. Қызыл жалын Гёйнюк ауылындағы қонақүйлерге жақындай бастаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengri Travel тілшісі ресейлік туристердің Telegram-арналарына сілтеме жасап жазды.

Өрт Антальядан бірнеше шақырым жерден де көрініп тұр. Жел салдарынан өрт тез тарап, бірнеше ауылдық округке жақындай бастаған. Орман массиві өртке оранып жатыр.

 

 

Mirada del mar қонақүйіне орналасқан туристің сөзінше, қызметкерлер өртке қатысты алаңдаушылық білдіріп те, қонақтарды эвакуациялап та жатқан жоқ. Эпцентрге жақын қонақүйлердегі жағдай қандай екені белгісіз. Туристік чаттардағы мәлімет бойынша, өрт шыққан жерде балалар лагері жақын орналасқан.

 

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, өрт бригадасы Антальяның үш ауданында және Маниса, Кахраманмараш провинцияларында өртті сөндіруге бар күштерін салып жатыр.

 

 

Ел президенті Режеп Тайы Ердоғанның сөзінше, өртті сөндіруге 24 ұшақ, 100 тікұшақ және 25 мың өртсөндіруші жұмылдырылған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz