Түркияда өрттен 4 адам көз жұмып, 200-ге жуығы жапа шеккен

31 шілде 2021, 17:44

Түркияда орман өрті ырық бермей тұр. Кеше Мугла провинциясында да орман отқа оранды. Катты жел салдарынан қызыл жалын біраз аймаққа тараған.

 

Алайда билік елді мекендер мен қонақ үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

 

Соңғы ақпарат бойынша, орман өртінен Түркияда 4 адам көз жұмып, 200-ге жуығы жапа шеккен.

 

Билік бүгіннен бастап зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленетінін мәлімдеді.

 

Бұл мақсатқа шамамен 3 жарым миллион доллар бөлінген.

 

Жалпы, кейінгі тәулікте мамандар 85 өрт ошағының 74-ін ауыздықтап үлгірген.

 

 

 

BAQ.KZ