Түркияда президент сайлауы 14 мамырда өтеді

23 қаңтар 2023, 11:06

Түркияда президент сайлауы өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы Бурса провинциясында жастармен кездескен мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

 

Сарапшылар "бұл жолғы саяси дода бірнеше жыл бойы билік басында келе жатқан Ердоған үшін нағыз сынақ болады" деп болжайды.

 

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті: - 14 мамырда өтетін сайлауда сіздермен, яғни өмірінде алғаш рет дауыс беретін жастарымызбен қазірден кездесіп жатқаным үшін Аллаға мың да бір шүкіршілік етемін. Президент ретіндегі өкілеттігімізді пайдананып, сайлауалды науқанның басталғанын жариялаймын.

24.kz