Түркияның Манавгат қаласындағы курорттық аймақта ірі жол апаты болды.
Белгілі болғандай, Манавгаттан Анталия әуежайына ресейлік туристерді алып бара жатқан автобус белгісіз себептермен бетон қоршауға соғылып, аударылып кеткен.
Қайғылы оқиғадан 3 адам қайтыс болып, 16 адам жарақат алды.
Ақпарат көздері 5 адамның ауыр халде, тағы екеуі жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлайды.
Көлікте 22 ресейлік азамат болған. Олардың 9-ы бала. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жіберілді.
Әзірге олардың арасында Қазақстан Республикасының азаматтары анықталған жоқ.
Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.
Апаттың нақты не себептен болғаны анықталып жатыр.