Түркиядағы өрт: басылым тыйым салынған топтың қатысы бар екенін мәлімдеді

02 тамыз 2021, 12:39

Жексенбіде елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Түркияда орман өртінде қаза болғандар саны 8 адамға жеткенін, 864 адам зардап шеккенін айтты.

 Түркияның үкіметіне қарайтын Yeni Safak газеті елде тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысы бар "От балалары" тобы елдегі ормандарды өртеу бойынша жауапкершілікті өз мойнына алғанын мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Газет бұл ақпарат көзі ретінде Күрдістан жұмысшы партиясына қатысты әлеуметтік желідегі жазбаларға сілтеме жасаған.

Бұған дейін елдің ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли Түркияда соңғы күндері 107 орман өрті сөндірілгенін, Анталия мен Мугла курорттық провинцияларында бес өрт бақылауға алынбағанын мәлімдеді.

Жексенбіде республиканың денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа Түркияда орман өртінде қаза болғандардың саны 8 адамға жеткенін, 864 адам зардап шеккенін айтты.

31 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркиядағы алапат өртке байланысты Режеп Тайип Ердоғанға жеделхат жолдады. Мемлекет басшысы бауырлас түрік халқына гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.