Түркиядағы зілзала: 65 сағат бойы үйінділер астында жатқан бүлдіршін құтқарылды

02 қараша 2020, 13:18

Түркияда 65 сағаттан астам уақыт бойы үйінділер астында жатқан үш жасар бүлдіршін құтқарылды. Бұл туралы Anadolu агенттігі мәлімдейді.

 

&ndash Құдайға мың алғыс. Біз Элисті құтқардық, &ndash деді елдегі төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Мехмет Гюллюоглу.

 

Аман қалған бүлдіршін ауруханаға жеткізілді.

 

Құтқару операциясы басталғалы үйінділер астынан 106 адам аман шығарылған, олардың арасында қыз баланың анасы мен бауырлары да бар.

 

30 қазанда Түркияның батысында 6,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Салдарынан одаған үй қирап, кемінде 79 адам көз жұмған.

 

 

24.kz