Шартарап

Түркияның Бұрса қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды

  • Бұрса қаласы. https://kk.wikipedia.org/

    Бұрса қаласы. https://kk.wikipedia.org/

Бұл жөнінде Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 38-ші отырысында бекітілді.

 

Айта кету керек, Бұрсаға дейін нақ осы Хиуа қаласы мәдени елорда атағына ие болған.

 

Тағы кездесу барысында ұйым мүшелері өткен жолы бекітілген іс-шаралардың атқарылу қорытындысын тыңдап, алдағы жоспарларын бекітті.

 

Өз кезегінде Қазақстан тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру үшін түркітілдес елдердің мамандарын тартуға ниетті екендігін жеткізді.

 

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, шетелдік қолөнершілер тәжірибе алмасу үшін аса қажет.

 

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

 

- Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты туризм және қонақжайлылық университеті бар Түркістан қаласында. Сол жерде арнайы база қалыптастырып, осы шеберлерді, біздің жастарымызды үйрету. Ол жаңағы Өзбекстандағы, Түркиядағы, жалпы барша осы ТҮРКСОЙ ұйымына кіретін мемлекеттердің мықты деген мамандарын, қолөнерлерін, реставрация жұмыстарын жасайтын, қалпына келтіру жұмыстарын жасайтын, тарихи-мәдени құндылықтарымызды сақтау мақсатында сол мамандарды, өзіміздің жастарымызды тәрбиелеуге шақырып отырмыз.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.09.2021, 20:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31