Шартарап

Түркіменстан балабақшаларында мультфильмді орыс тілінде көрсетуге тыйым салынды

  • Түркіменстан балабақшаларында мультфильмді орыс тілінде көрсетуге тыйым салынды

    Түркіменстан балабақшаларында мультфильмді орыс тілінде көрсетуге тыйым салынды

Инспекторлар бастауыш мектептердегі оқушылардың дәптерлерін тексеріп, шетел фильмдері кейіпкерлерінің суреті бар дәптерлерді ауыстыруын талап еткен.

Түркіменстандағы кейбір балабақшада орыс тілінде мультфильм көрсетуге тыйым салынды. Бұл туралы тілшілерге білім беру саласының бір қызметкері айтқан.
Лебап уәлаятындағы үш балабақшада бірнеше тәрбиеші балаларға орыс тілінде мультфильм көрсеткені үшін жұмыстан шығарылған. Білім саласының бір қызметкерінің айтуынша, жақында Ашғабаттан келген инспекторлар аймақтардағы білім мекемелерін тексерген.

«Инспекторлар тәрбиешілерді балаларға орыс тілінде мультфильм көрсетті деп айыптап, оларды жұмыстан шығарды. Бақша басшылары қатаң сөгіс естіді», – дейді ол.
Ашғабаттан келген инспекторлар балабақшаларда түркімен тілінде ғана мультфильм көрсету керек деп айтқан.

Инспекторлар бастауыш мектептердегі оқушылардың дәптерлерін тексеріп, шетел фильмдері кейіпкерлерінің суреті бар дәптерлерді ауыстыруын талап еткен.

«Мұқабада дәптер сөзі орысша жазылып тұрса, оны да пайдалануға болмайды», – дейді білім беру мекемесінің қызметкері.
Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Түркіменстанда вокзалдарда, әуежайларда, сонымен бірге көліктерде орыс тіліндегі хабарландырулар мен нұсқауларды алып тастап жатыр.

«Екі тілде жазылған хабарландырулар да жойылады. Енді бәрі түркімен тілінде жазылады», деп хабарлады тілші.

stan.kz




Көрілген: 653    Пікірлер: 0

сенбі, 27.11.2021, 15:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31