Шартарап

Түркіменстан билігі «елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас жоқ» деп отыр

  • Түркіменстан билігі «елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас жоқ» деп отыр

    Түркіменстан билігі «елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас жоқ» деп отыр

Түркіменстанда 21 шілдеден 1 тамызға дейін ірі сауда орталықтары, базарлар, театрлар, саябақтар, қызмет көрсету кәсіпорындары, спорт нысандары жабылды, деп хабарлайды Сentralasian.org.

Мейрамханалар, асханалар және басқа да ас әзірлеу нысандары тамақты үйге жеткізіп бере алады. Адам көп жиналатын орындарда екі метрлік қашықтық сақталуы тиіс. Түркіменстан билігі елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас жоқ деп отыр.

Ресми мәлімет бойынша, елде жұқпалы аурудың алдын алу үшін бірқатар шектеу шаралары енгізіледі. Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы республика билігіне елде коронавирус тіркелген жағдайда қолданатын шараларды қолға алуға кеңес берген. 14 шілдеден бастап республикада жолаушы пойыздары тоқтады, содан бір күн бұрын денсаулық сақтау саласының шенеуніктері азаматтарға көшеде медициналық маска тағуға кеңес берді.

Азатлык мәліметі бойынша, астанада және аймақтардағы ауруханалар толып қалды. Елдің барлық аймақтарында пневмониядан қайтыс болғандар көбейіп кетті. Журналистердің мәліметі бойынша, науқастар COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тесттен өтіп жатыр, олардың көбісі коронавирус жұқтырғаны анықталған. Алайда билік бұл ауру елде тіркелген жоқ деумен келеді.

БҰҰ-ға мүше мемлекеттер арасында Түркіменстан мен КХДР ғана коронавирусты мойындамай отыр. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде эпидемия басталғалы бері 14 миллион 700 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 610 мың адам қайтыс болды.

 

 




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31