Шартарап

Түркіменстан жаңа дінге өте ме?

  • Түркіменстан жаңа дінге өте ме?

    Түркіменстан жаңа дінге өте ме?

Ғаламтор әлемінде Түркіменстан Президенті туралы орыс тілінде түсірілген екі видео жүр. Кей адам онда айтылған жайларға сеніп, алданып қалуы мүмкін. Ал негізі оның шындыққа сәйкес келмейтіні анық көрініп тұр.

Бұл жазбалардың бірінде былай деп айтылады: «Түркімен басшысы Ислам дініне тыйым салды. Енді ондағы дін «Түркіменбашизм» деп аталады. Оның өзі – Пайғамбар. Енді оның әрбір сөзі болашақта құрастырылатын киелі кітап үшін жазылып алынуға тиіс. «Ислам Түркіменстан мен түркімен халқының болмысына сәйкес келмейді. Адамдар жаңа Құдайды қалайды. Мен осыны ойландым, сөйтіп бір дәріні қабылдап көрдім, сонда маған түркімендерді Жерұйыққа жеткізу үшін Мұса пайғамбардың еврейлерді алып жүргеніндей етіп шөлде қырық жыл алып жүруім керектігі жөнінде айтқан дауыс естілді. Мен Құдайдың таңдаған халқы еврейлер де, орыстар да емес, түркімендер екенін, өзімнің Пайғамбар екенімді анық білемін», – деп аяқтады ол өзінің сөзін».

Ал екінші жазбада былай делінеді: «Рамзан Қадыров Құрбанғұлы Бердімұхамедовты кәпір деп жариялады, оның басына сыйлық тікті. «Арқадағ» атанып жүрген бұл адамға айтарым: Сен түркімендердің көсемі емес, диктаторсың! Исламнан қалай бас тартасың, мұнафық?! Бұл үшін өлім жазасы болатынын білесің бе?! Егер тап қазір кешірім сұрамасаң, Шешенстандағы сияқты ашық әрі әділ сайлау өткізбесең, онда сенің басыңа бәйге тігемін! Менің 30 мың солдатым Түркіменстанның астын-үстін төңкеріп жүріп сені тауып алады, сөйтіп сені камераның алдында кешірім сұрауға мәжбүр етеді. Сен әлемдегі барлық мұсылмандар үшін сайқымазақ болдың! Тіпу!» – деп аяқтады Рамзан Қадыров».

Міне, бұл видеоларда осылай деп айтылады. Екі Президенттің де кей жерлерде сөйлеп тұрған тұстарын қиып алып, қимыл-қозғалыстарына сәйкестендіріп ауыздарына әлгіндей сөздерді салып қойғанына қарағанда, мұны техниканы жақсы меңгерген адамдар түсірген деп шамалауға болады. Ұсталса, осы ісі үшін, әрине, ойыны осылар, жаздым-жаңылдым дейтін болар. Ал былайша бір қарағанда кей адамды сендіріп-ақ қоярдай шеберліктері бары байқалады.

…Ал шындығына келгенде мұсылман елдерінің бұл екі Президенті де бірнеше жылдардан бері әлемдегі ең ықпалды мұсылмандар қатарында аталады. Иордания королінің демеушілігімен 2009 жылдан бері шығып тұратын «The Muslim 500», яғни ең ықпалды 500 мұсылман тізімінде олар алғашқы елуліктің ішінде тұр. Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің жасы қазір 63-те, ал Рамзан Қадыров 44-те. Түркімен Президенті 2007 жылдан бері тақта отыр, шешен Президенті елді 2011 жылдан бері басқаруда. Негізі Р.Қадыров оның алдында 2007 жылдан бастап Президент міндетін уақытша атқарған болатын. Яғни бұл азаматтардың президенттік «стаждары» бірдей деуге болады. Оның үстіне екеуінің де кейде өзгеше әрекеттерімен көзге түсіп тұратыны бар. Әлгі көрсетілімді түсірушілер сол жайларды негізге алып, оларды әжуалап-мысқылдап отырған сияқты. Мұның астарында да бір құйтырқы саясат жатыр ма екен, кім білген…

Т. ТҰРАН.

zamana.kz




Көрілген: 3303    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 13:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31