Шартарап

Түрікменстан Түркі кеңесінің арнайы мүшесі болуы мүмкін

  • Түрікменстан Түркі кеңесінің арнайы мүшесі болуы мүмкін

    Түрікменстан Түркі кеңесінің арнайы мүшесі болуы мүмкін

Түрікменстан Президенті Гурбанғұлы Бердімұхамедов Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Кездесу барысында тараптар Түрікменстанның арнайы мәртебеде Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне кіру мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кеңестің желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Бас хатшы Бағдат Әміреев Түрікменстан президентін Түркі кеңесінің соңғы жаңалықтарынан хабардар етіп, Ыстанбұлда 2021 жылдың 12 қарашасына жоспарланған Түркі кеңесінің 8-ші саммиті тақырыбын қозғады.

Б. Әміреев Түрікменстан президентіне Түркі кеңесінің болашақ стратегиялары, Түркі инвестициялық қорын құру жөніндегі жаңалықтар, кеңес мүшесі болып табылмаймын елдермен қарым-қатынас туралы, сонымен қатар Түркменстанның мүше елдермен түрлі салалардағы, атап айтқанда экономика, сауда, көлік және энергетикадағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Түрікменстан басшысы, өз кезегінде, Түркі кеңесінің 8-ші саммитіне қатысатынын растады. Оның айтуынша, көптеген онжылдықтар бойы Түрікменстанның сыртқы саяси бағытының негізгі векторы түркі елдерімен бауырлас қарым-қатынастардың дамуы болып келеді.

Кездесу соңында Түрікменстанның Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі) арнайы мәртебемен кіру мүмкіндіктері талқыланды.




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.07.2021, 09:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30