Шартарап

Түрмеде әйелдер саны артып барады - БҰҰ

  • https://www.irk.ru/

    https://www.irk.ru/

Әлемде түрмеде жатқандардың 7 пайызын әйелдер құрайды. Бірақ олардың саны тез өсуде, қамаудағы ер адамдар санының өсуімен салыстырғанда әлдеқайда жылдам артуда.

 

Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Далалық операциялар және техникалық ынтымақтастық бөлімінің директоры Жоржет Ганьон мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ жаңалықтарына сілтеме жасап.

 

Оның айтуынша, түрмедегі әйелдер санының көбеюі көбінесе қылмыстың жалпы өсуімен емес, «жекелеген елдер билігінің қате саяси шешімдерімен» байланысты.

 

Тағы бір маңызды мәселе – түрмелерде адам санының толып кетуі. Кем дегенде 114 елде ондағы адамдардың саны сыйымдылықтың ресми көрсеткіштерінен асып түседі, ал осы елдердің 92-сінде түрмелердің толуы 100-ден 200 пайызға дейінгі көрсеткішті құрайды.

714 000-ға жуық әйелдер мен қыздар темір торға қамалған.

 

2000 жылдан бастап түрмедегі әйелдер мен қыздар саны 53 пайызға, ал ерлер саны 20 пайызға көбейген.

 

Коронавирус пандемиясы түрмелердегі жағдайды адам санының толып кету мәселелерін ушықтырды. Вирус жұқтырған қамаудағылар санының шектен тыс көбеюі жазалаудың балама түрлерін қолдану қажеттілігін тудырды.

 

Осыған байланысты көптеген мемлекет шартты түрде қамауға алу және үй қамағына алу тәжірибесін белсенді түрде қолдана бастады.

 




Көрілген: 163    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 14:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30