Шартарап

Түрмеде отырған содырлар бүлік шығарып, үш қарауылды өлтірді

  • © AFP 2019 / JAY DIRECTO

    © AFP 2019 / JAY DIRECTO

Душанбеде жексенбіге қараған түні жазасын өтеп жатқан бір топ содыр бүлік шығарып, түрменің үш күзетшісін өлтірді.


Бүлік Тәжікстан астанасы Душанбеден 15 шақырым жерде орналасқан колониядан шыққан, деп хабарлайды РИА Новости.


Жазасын өтеп жатқан бүлікшілер ДАИШ экстремистік ұйымына мүше болғаны үшін сотталған екен. Олардың барлығы пышақ және басқа да өткір заттармен қаруланған.


"Шамамен 30 адам өздерін босатуды талап етіп, үш қарауылды кепілге алып, өлтіріп тастады", - делінген Тәжікстан әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.


Түрме басшылығы тұтқындармен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізген. Алайда бүлікшілер колония әкімшілігінің қызметкерлеріне тағы да шабуыл жасап, салдарынан кейбірі жарақат алды.


Осыдан кейін түзеу мекемесінің басшылығы қатаң шара қабылдап, абақтыны күшпен бақылауға алуға мәжбүр болды. Тұтқындардың кейбірі көз жұмды, олардың саны нақтыланып жатыр.


"Қазіргі таңда Вахдат колониясында жағдай тұрақты және бақылауға алынды", -деп хабарлады Тәжікстанның әділет министрлігі.


Құқық қорғау органдары осы факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр.


Sputnik


 




Көрілген: 249    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.05.2019, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30