Шартарап

Түрмедегі азаптауға шыдамаған сотталушы өзін кескілеп тастады (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Бұзақылық үшін сотталып, Ташкент облысы Букин ауданындағы 43-жалпы қоныстану мекемесінде жазасын өтеп жатқан 22 жастағы Шерзод Усманов абақты қызметкерлерін өзіне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыптады.


Ол досына жіберген видеоүндеуінде абақты қызметкерлерінің зорлығына шыдамай, қолының қан тамырын кесіп, ішіне пышақ салғанын айтқан.


"Шерзод әлдекімдермен төбелесіп, бұзақылық үшін айыпталып, 277-баппен сотталып кеткен. Жұма күні абақты қызметкерлері оны қатты сабап, өз өміріне қол салуға дейін жеткізген. Ол қолының қан тамырын кесіп, ішін тілді", - дейді Усмановтың досы.


Өлкенің Жазаны атқару қызметінің өкілі видеода айтылған дәйектер расталса, сотталғандарды қинаған қызметкерлер жұмыстан алынатынын хабарлады.


Ташкенттік заңгер Одилбек Рахимбердиев абақты қызметкерлері "Адамды өз жанын қиюға дейін жеткізу" бабымен жауапқа тартылу керек деп есептейді.


Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, Өзбекстанда сотталған адамдарды азаптаған қызметкерлердің дені жазадан құтылып кетеді. Көбінде үндеу жасаған жәбірленушілердің өздерін жазықты етіп қояды дейді.



centralasian.org


 




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 14:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30