Тұрмыс құратынымен мақтанбақ болған арудың неке жүзігін иті жұтып қойды (видео)

21 қазан 2020, 15:58

Қожайынының қымбат неке жүзігін жұтып қойған ит көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Reddit қолданушысы жақын арада тұрмысқа шығатынымен мақтанғысы келіп, итінің көмегіне жүгінбек болады. Ол итінің тұмсығының үстіне неке жүзігін қойып, видеоға түсіре бастайды. Ит қожайыны осылайша тамақтандырып жатыр деп ойлаған болуы керек. Ол дереу тұмсығындағы жүзікті жұтып қояды.

 

Итінен мұндай әрекетті мүлде күтпеген ару камерасын тастай сала, итіне қарай жүгіреді.

 

Видео желіде көпшіліктің көңілін көтеріп, қызу пікірталас тудырған. Бірі иттің бұл жайттан кейінгі жағдайына алаңдаса, енді бірі қымбат жүзіктің жағдайына алаңдаушылық білдірген.

 

Оқиғаның немен аяқталғаны әзірге белгісіз.