Шартарап

«Түрінен қорқып, тастап кеткен»: Ата-анасы бас тартқан альбинос-қыз танымал сән журналына шықты

  • «Түрінен қорқып, тастап кеткен»: Ата-анасы бас тартқан альбинос-қыз танымал сән журналына шықты

    «Түрінен қорқып, тастап кеткен»: Ата-анасы бас тартқан альбинос-қыз танымал сән журналына шықты

Қытайлық Сюэли Аббинг альбинизммен дүниеге келді. Қыздың сыртқы келбетінен қорыққан ата-анасы оны ең жақын балалар үйіне апарып, есіктің алдына қалдырып кеткен. Ал 16 жылдан соң сол «қорқынышты» қыз танымал әлемдік сән журналына шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Нәресте балалар үйіне түскен соң көп ұзамай оны Нидерландыда тұратын отбасы асырап алады. Олар қыздан ерекше сұлулықты көрген. Асырап алған ата-анасы Сюэлидің бойына сенімділікті сіңіріп, оның өте әдемі екенін үнемі айтып отырған. Осылайша, қыз 11 жасынан бастап модель ретінде жұмыс істей бастады. Осы салада мансап құрып келеді.

«Модельдік бизнесте басқаша көрінеді — бұл қарғыс емес, керісінше, басыңа қонған бақ. Оның үстіне, бұл маған альбинизм туралы көбірек білуіме мүмкіндік береді. Әрине, бойы екі метр және белдері жіңішке модельдер әлі де бар, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарында мүмкіндіктері шектеулі жандар мен басқа да ерекшеліктерге ие адамдар да жиі кездеседі. Бұл өте жақсы, бірақ ол әлі нормаға айналған жоқ», – дейді Сюэли Аббинг.

Тағы оқыңыз: «Періште сияқты»: 11 жастағы қыз әлемді таңқалдырды

Сюэли кездейсоқ модель болған. Қыздың анасы Яра Гонконгтан келген дизайнермен сөйлесіп, қызы туралы айтқан. Сол кезде дизайнер «Мінсіз кемшіліктер» атауымен коллекция жасап жүрген. Сюэли осы шоуға қатысып, сән саласындағы мансабын бастаған.

«Ол альбинизм туралы хабардарлықты арттыру және басқаларға мүгедектер де «қарапайым адамдар» екенін және қоғамға белсенді араласа алатынын түсіндіру үшін модель болып жұмыс істейді», – дейді Сюэлидің анасы Яра.

Қазір Сюэли 16 жаста, оның модель ретіндегі мансабы қызығуға тұрарлық. Жақында ол танымал Vogue журналының түсіріліміне қатысты.

Stan.kz




Көрілген: 595    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 08:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31