Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Түріңізді сатып 125 000$ алуыңызға болады

05 қараша 2019, 12:42

Түріңізді сату туралы ойлап көрдіңіз бе? XXI ғасырда бәрі мүмкін. Сіздің түріңіз үшін қомақты сома ұсынылады – 125 000$. Мұндай хабарландыруды шетелдік Geomiq компаниясы жариялады, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аталмыш компания робот жасаумен айналысады. Роботтарды адамға барынша ұқсату үшін адамдардың түрін сатып алуды көздеп отыр. Яғни, түріңізді сатып алса, әлемде дәл сіз секілді робот пайда болады.

Гуманоид-роботқа арналған түрді компания 125 мың долларға сатып алмақ. Мұндай роботтар қарт адамдарға күтуші ретінде пайдаланылады. Сондықтан үміткерлерге қойылатын басты талап – түрі мейірімді болуы тиіс.

Жоба келер жылы жүзеге асырылады екен.

Өтінім мен фотосуретті faces@geomiq.com электронды поштасына жіберуге болады.