Шартарап

Түскі ас ішуге барған ер адам 3,5 млрд теңге ұтып алды

  • © Stan.kz

    © Stan.kz

АҚШ-тың Шарлотт қаласының тұрғыны түскі ас кезінде лотерея ойнап, мультимиллионер атанды.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The State басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Джеймс Белич түскі ас кезінде лотерея билетін сатып алып, бірден нәтижесін тексеріпті. Бақытты билет оған 10 миллион доллар (3 млр 790 млн теңгеден аса) көлемінде байлық әкелді.


«Бірдеңе ұтып алсам деп үнемі үміттенесің, алайда ол кезде 10 миллион доллар туралы ой болмайды. Тіпті, мұндай ұтысқа ие болу миға қонбайды», - дейді ер адам.


Ойын ережесі бойынша, Белич 20 жыл көлемінде ай сайын 500 мың доллар (189 млн теңдеген аса) ала алады. Немесе бірден 6 миллион долларды (2 млрд 279 млн теңгеден аса) алуға құқылы. Ер адам екінші нұсқаны таңдап, барлық салықты төлегенде, қолына 4,3 млн доллар (1 млрд 633 млн теңгеден аса) алды.


Белич бұл ақшаны қарызын жабуға, үйін үлкейтуге және балаларына жұмсамақ.  


 




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.05.2019, 21:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30