Шартарап

Түсіп қалған тістің орнына тіс өсірудің тәсілі табылды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Ғалымдар түсіп қалған тісті өсіруге мүмкіндік беретін тәсілді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы MedicalXpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Күншығыс елінің Киото және Фукуи жоғарғы оқу орындарының ғалымдары туабітті тісі кем немесе артық генетикалық ауытқудан зардап шегетін тышқандарға тәжірибе жүргізіп көрген екен.

 

Бұл зерттеуде олар USAG-1 гені бұғатталған жануардың тісі қалыпты санынан (тышқан тісінің қалыпты саны – 32) көп өсетініне назар аударған.

 

Аталмыш зерттеу нәтижесінде USAG-1 гені кодтайтын ақуыздың BMP және Wnt сигналды жолдарының жұмысын бастып тастайтыны белгілі болды.

 

Бұл арада тіндер мен ағзалардың, соның ішінде тістің өсуі мен жетілуін реттейтін ақуыз молекуласының күрделі каскады турасында сөз болып отыр.

 

Сондай-ақ, USAG-1 генінің антиденесінің тіс агенезден (тістің түсуіне апаратын туабітті ауру) зардап шегетін науқастың тісінің өсуін ынталандыра алатын болып шықты.

 

Ғалымдар USAG-1 қызметін бұғаттайтын түрлі антиденелерді сынап көрген еді. Олардың көбісі организмге қауіп төндіретін болып шықты, тек біреуі ғана өзгелеріне қарағанда селективті (жарамды) болып шыққан.

 

Мамандар бұл антидененің бір дозасының өзі кеміргіштің тісін өсіре алатынына көз жеткізді. Басқа да тәжірибелер осындай нәтиже көрсеткенін айта кету керек.

 

Мамандар бұл әдістің емдеу терапияға айналатынына сенім білдіріп отыр.

 

 

 




Көрілген: 590    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 13:54

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31