Шартарап

"Тұтас бір ауылды асырауға болады": Бақуатты өмірін көрсеткен миллиардер ару сынға қалды

  • "Тұтас бір ауылды асырауға болады": Бақуатты өмірін көрсеткен миллиардер ару сынға қалды

Әлемдегі ең жас миллиардер ару, кәсіпкер Кайли Дженнер қымбат көлігін көрсетіп мақтанамын деп сынның астында қалды. Ол желіде жаңа көлігін көрсеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

22 жастағы Дженнер Instagram желісінде жаңа Bugatti Chiron көлігінің видеосын жариялады. Мұндай көліктің құны 3 миллион долларды (1 млрд 168 млн теңгеден аса) құрайды.


Алайда миллиардердің желідегі оқырмандары оны сынға қалды. Желі қолданушыларының кейбірі бұл ақшаға кедейшілікте өмір сүріп жатқан тұтас бір ауылды ондаған жыл бойы асырауға болатынын айтты.


«Адамдар қымбат көлік сатып алғаннан кейін қалай ақталады екен? Қажеті қанша? Бұл адал жолмен тапқан ақшаңыз екенін түсінемін. Алайда неліктен оны игі істерге жұмсамасқа? Соны түсіне алмаймын. Бұл ақшаға кемінде бір жыл тұтас бір ауылды асырауға болады», «Тағы бір жаңа көлік. Ал кейбір адамдар табысын әрең жеткізіп, тиын санап жүр. Ол үшін қуаныштымын, әрине. Бірақ әр нәрсенің шегі бар екенін білу керек қой», «Одан да ақшаңды мұқтаждарға көмекке бер... Олар үшін көп нәрсе жасай аласың ғой», - деп жазды пікір қалдырушылар.


Артынша Кайли аталған видеоны өшіріп тастады.




Көрілген: 2149    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 11:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31