Шартарап

Туыс ағасына тұрмысқа шығудан бас тартқан бойжеткенді жақындары сүйіктісімен қоса зорлап, өлтірген

  • https://moyalmetevsk.ru/

    https://moyalmetevsk.ru/

Түркияда туыс ағасына тұрмысқа шығудан бас тартып сүйіктісімен қашып кеткен бойжеткен жақындарының қолынан ажал құшты. Бойжеткеннің туыстары оны пышақтап, ал ғашығын зорлап азаптап өлтірген деп жазады lenta.ru.

 

Белгілі болғандай, Байрамозу ауылының 24 жастағы тұрғынына жақындары қысым көрсетіп, туыс ағасына тұрмысқа шығуын талап еткен. Бұған қарсы болған бойжеткен өз ғашығымен бірге ауылдан қашып кетеді.

 

Қос ғашық жаңажылдық кеште жақын маңдағы қалада туысқандарының көзіне түсіп, бойжеткеннің жақындары оны ғашығымен бірге түскі асқа келуге шақырады. Алайда татуласу құрметіне ұйымдастырылған түскі ас соңы қанды оқиғаға ұласқан.

 

Бойжеткеннің туысқандары қос ғашықты пышақтап өлтіріп, бойжеткеннің сүйіктісін өлтірмес бұрын зорлап азаптаған. Қылмыскерлер артынша екеуінің мәйітін ауыл сыртындағы аймаққа жерлеп тастапты.

 

Полиция күдіктілерді қолға түсірді.

 

Олар қос ғашықтың денесін қай жерде жасырылғанын көрсетіп, өз кінәларын мойындаған.

 

Мәйіттер табылғаннан кейін бойжеткеннің әкесі, ағасы, немере ағасы және тағы екі туысқаны "кісі өлтіру" бабымен айыпталып, дереу қамауға алынды.

 

 

 

kaz.nur.kz

 




Көрілген: 1078    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 15:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31