Шартарап

Туысының жерлеу рәсіміне қатысқан 16 адам коронавирустан қайтыс болды

  • Көрнекі фото:  https://24.kz/kz/

    Көрнекі фото: https://24.kz/kz/

Мексиканың Тултепек қаласында тұратын ер адам жерлеуге қатысқан 16 бірдей туысынан айырылып қалды. Олардың бәрі коронавирус дертінен көз жұмған деп хабарлайды РИА Новости.

 

Тултепек қаласының тұрғыны Хосе Мартин Чавес Энрикес 2020 жылы оның алыс туысы COVID-19-дан қайтыс болғанын, содан кейін отбасы мүшелері марқұмның жерлеуіне барғанын есіне алды.

 

Жерлеуге келгендердің көбі коронавирус жұқтырып алған. Салдарынан Хосе Мартин өткен жұмада анасы мен атасынан айрылып қалғанын айтуда. Олар емханада дертті еңсере алмай, көз жұмыпты.

 

Сонымен қатар оның ағалары, әпкелері мен өзге де жақын туыстары коронавирустан көп ұзамай қайтыс болған екен.

 

Бүгінде Хосе бір емес, 16 бірдей жақын туысынан айырылып отыр.

 

"Менде жылауға да уақытым болмады, мен бір орында қатып қалғандай күйде болдым. Вирус менің отбасымды жермен-жексен етті, отбасымның барлығын дерлік алып кетті. Олар ауырып, бірінен соң бірі өліп жатты", - дейді Хосе Мартин.

 

Ол әкесінің әлі COVID-19 ауруынан айыға алмай жатқанын, ал әпкесі жазылып кеткенін айтуда.

 

Ер адам "барлық адамдар өздеріне және жақындарына қамқорлық жасап, аурудан қорғанудың қаншалықты маңызды екенін" білгенін қалайды.

 

Сол себепті, ол бұл қайғылы жағдай туралы көпшілікке бұқаралық ақапарат құралдары арқылы айтып беруді жөн санаған екен.

 

Хосе көпшіліктен өздері жасаған қателікті қайталамауға кеңес беруде.

 

kaz.nur.kz




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.01.2021, 12:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28