Шартарап

Тыйым салуға тыйым салынды...

  • https://www.tourdom.ru/

    https://www.tourdom.ru/

АҚШ-тың Конгресс өкілдері Ақ үй қожайынына әлем елдерінің қандай да бір діни сеніміне немесе нәсіліне қарай алалап, олардың азаматтарына ел аумағына кіруге тыйым салатын жарлық шығаруға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.

 

Бұған экс-президент Дональд Трамптың 2017 жылы бірқатар мұсылман елдерінің, атап айтқанда, Сомалидің, Суданның, Йеменніңғ Қырғызстанның, Либияның, Танзанияның және өзге де мұсылман елдерінің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салған аты-шулы жарлығы түрткі болған.

 

Аталмыш жарлықтың күшін осы жылдың қаңтар айының 20-ы күні қазіргі АҚШ президенті Джо Байден жойды.

 

Осылайша АҚШ билігі қандай да бір кемсітушілікке, адам құқығының аяқ асты болуына жол ашатын асыр сілтеушілікке тосқауыл қойып, демократиялық елге тән ұстанымын білдірді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Al Jazeera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

«Тыйым салуға» тыйым салатын заң жобасын палата өкілдерінен 218 адам жақтап дауыс берсе, 208 адам қарсы дауыс берген.

 

 

 




Көрілген: 544    Пікірлер: 0

жұма, 23.04.2021, 18:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30